Тұрсынбек Қабатов дауға қалды: қызының орнына ҰБТ-ға бөтен біреу кірген бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі әзілкештің қызының орнына ҰБТ тестін бөтен біреу тапсырған. Бұл жайында заңгер Абзал Құспан Facebook әлеуметтік желісінде жазды.

Заңгердің айтуынша, Әдемі Аманғалидың орнына ҰБТ тестін С. есімді грантта оқитын студент тапсырған.

13 маусым күні Әдемі Тұрсынбекқызы Аманғалидың  орнына С. есімді тұлға тест тапсыруға кірген. Тұрсынбектің қызы жалған құжат жасатқан, – дейді заңгер өз жазбасында.

Сонымен бірге ол тестілеуге кіру барысында барлық тестіленуші, Тұрсынбектің қызының орнына басқа тұлғаның жалған құжатпен кіргеніне куә болғанын айтады.

Абзал Құспан танымал әртістің қызы сәуір, мамыр айларында бірнеше рет тест тапсырып, төмен балл (60 балға жетпеген) жинағанын және соған қарамастан ол елордадағы ең үздік деп танылған мектепті «Алтын белгі»-ге бітіргенін алға тартты.

Сондай-ақ заңгер қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалғанын, бірақ қыз жазадан құтылып кетуі мүмкін екенін айтады. Себебі жалған құжатты дайындаған адамды ғана кінәлі деп танып отыр дейді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы