Тұрсынбай Құлахмет бастаған отандық боксшылар Литвадағы турнирде сынға түседі
Қазақстан құрамасының боксшылары кезекті жарысқа аттанбақ. Бұл жолы құрама спортшылары Литваның Каунас қаласындағы халықаралық турнирде өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметі бойынша, бұл турнирге әлемнің 17 елінен 120-ға жуық боксшы жиналады. Турнир наурыздың 21-і мен 23-і аралығында өтеді.
Қазақстан құрамасы мына құрамда бақ сынайды:
51 келі: Даниял Сабит;
54 келі: Нұрсұлтан Алтынбек
57 келі: Асылжан Серікбай
60 келі: Алмат Әбдуәли
63,5 келі: Жандос Қыдыралиев
67 келі: Елнұр Сүйінбай
71 келі: Фарух Тохтасунов
75 келі: Азамат Бектас
80 келі: Тұрсынбай Құлахмет
92 келі: Абзал Құттыбеков
+92 келі: Аманат Сабырғали
Жаттықтырушылар: Жәміл Жүсіп Бағдат Оңғарбеков Закир Сафиуллин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы