Туроператор пакетіне ПТР тесттің құны кірмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ПТР тест құны. Енді ПТР тест құны туроператор пакетіне енгізіледі. Бұл туралы Kazunin бас директоры Қуаныш Байтұрсынов мәлімдеді.

Турпакетті сатып алған турист ПТР тесттің де маңызының зор екенін білуі қажет. Пандемияның аяқталмағанын түсінуге тиіспіз. Мемлекет бұл заңды қабылдағанын қаладық. Осы секілді жақын арада Украинада жаңа заңнама енгізілді. Сырт елге саяхатқа шыққан әрбір украиналық азамат еліне ораларда міндетті түрде ПТР тесттен өтіп келуі қажет, – деді Kazunin бас директоры.

Ол сонымен қатар коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында рейс кезінде жауапкершіліктің кімнің мойнында екенін айтты.

Біз ұшар алдында туристерді ПТР тесттен өткіземіз. Бұл жерде жауапкерішілік саяхатқа шығар адамның мойнында. Егер ПТР тестіден өтіп келетін болса ол жолаушы қауіпсіз саналады. Ал егерде оң нәтиже көрсетсе бортқа жіберілмейді. Шығындарды сақтандыру компаниясы көтереді.Сақтандыруға емделу және елге қайтаратын билет кіреді, – деді Қуаныш Байтұрсынов.

Туроператорлар өз туристерінің инфекцияны жұқтырмау, қорғану үшін нені түсінуі қажет екенін ескертті.

Туроперторлармен саяхаттайтын жолаушылардың да ПТР тесттен өтуі міндетті. Бұл - біздің басты қағидамыз. Турпакетті сатып алған саяхатшылар үшін ПТР тестті алу көп қиынға соқпайды деп ойлаймын. Әрбір турист жауапкершілікті өз мойнына алып, оның қажетті екенін түсінуі керек. Пандемия әлі де жалғасып жатыр. Біз әртүрлі өзгерістерге дайын болуымыз керек – дейді Kazunin бас директоры.

Еске салайық, шетелден келген демалушылардың  80%-ында ПТР анықтамасы болмаған. Олардың 41%-ы Египеттен, 27%-ы Мальдивтен, 16%-ы БАӘ-мен және 8,3%-ы Түркиядан келген.

Ал шетелден келген демалушылардың 80%-ында коронавирус инфекциясы анықталып отыр, оның ішінде: Египеттен – 96 адам, Түркиядан - 50, БАӘ-ден-51 адам.

Олжас АДАЙ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы