Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту бойынша заңнамаға түзетулер енгізіледі
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біріншіден, «өтініш берушіден» тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ден қоюдың «анықтау» сипатына көшу ұсынылады. Бұл тәсіл жасалған құқық бұзушылық үшін жазаның бұлтартпаушылық принципін қамтамасыз етеді;
Екіншіден, тараптардың татуласу рәсіміне қойылатын талаптарды қатаңдатады. Біз тек сотта татуласуға мүмкіндік беруді ұсынамыз;
Үшіншіден, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту. ӘҚБтК шеңберінде қайта қылмыс жасағаны үшін әкімшілік қамауға алу мерзімдерін ұлғайту ұсынылады;
Төртіншіден, денсаулыққа зиян келтіруге байланысты қылмыстардың құрамына «отбасылық – тұрмыстық қатынастардағы адамға қатысты» біліктілік белгісін енгізу көзделген, – деп атап өтті ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Жасұлан Қаратайұлы.