Тұрмыстық зорлық-зомбылық: елордада агрессорлармен күрес қалай жүріп жатыр

Криминогендік жағдайды дұрыстау, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында 15-21 қаңтар аралығында Қазақстанда, оның ішінде Астанада «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Арман Айтмағамбетов айтып берді.

«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша халық арасында кең ауқымды іс-шаралар өткізеді, тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ кейбір отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексереді. Сол сияқты полицейлер қандай жазалар қолданылатыны түсіндіріледі.

Бұдан басқа, полиция қызметкерлері дағдарыс орталықтарымен және үкіметтік емес ұйымдармен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Елордада тұрақты негізде оңалту сипатындағы көмек көрсететін ұйымдарға отбасылық агрессия құрбандарын уақытша оқшаулау қамтамасыз етіледі.

Пилоттық режимде «ODARA» жүйесі бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық тәуекелдерін бағалаудың халықаралық құралы енгізілді.

Оның көмегімен агрессорлармен жұмыс ҮЕҰ психологтарын жұмылдыра отырып, тұрмыс саласында құқық бұзушылықтар жасауға ықтимал бейім адамдар анықталады.

Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту мақсатында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері әр учаскеде барынша бақылау жүргізеді.
Өткен жылы учаскелік полиция қызметкерлері қызмет көрсететін әкімшілік учаскелер бойынша халықпен 1900-ге жуық есеп беру кездесулерін өткізіп, оған 55 мыңнан астам тұрғын, оның ішінде 18 қоғамдық бірлестік өкілдері, 820 МИБ (ПИК) өкілдері және жергілікті атқарушы органдардың 196 қызметкері қатысты, - деді спикер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы