Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасайтындардың 80%-ында тұрақты жұмыс жоқ – Милюк

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтты.

Биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың 8%-ға (502-ден 462-ге дейін) төмендегені байқалады. Жалпы қылмыстық құрылымда отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың үлесі жоғары емес және бар болғаны 0,7%-ды құрайды, - деді Милюк.

Оның айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ерекшелігі - оның жасырын сипатында болуы.

Әркім отбасындағы жағдайды сыртқа шығарғысы келмейді, отбасылық тиранның озбырлығынан қорғану үшін полицияға барғысы келмейді. Мұндай қылмыстар көбінесе әлеуметтік-экономикалық проблемалар негізінде алкогольді жүйелі түрде пайдалану нәтижесінде жасалады. Мысалы, тұрмыстық құқық бұзушылықтардың жартысын адам мас күйінде жасайды, ал ұсталғандардың 80%-ында тұрақты жұмыс орны жоқ, - деді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

Ол атағандай, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің күштік әдістерін белсенді қолдану отбасылық қатынастардағы шиеленіс деңгейін арттыруға және соның салдарынан елдегі ажырасудың жоғары деңгейінің өсуіне ықпал етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы