Тұрмыс сапасы мемлекеттің басты міндеті - Қасымова

Президенттің Жолдауында әлеуметтік-экономикалық бағыттағы мәселелер басты назарда болды. Президент жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері Гүлназ Қасымова осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының халықтың өмір сүру сапасын одан әрі арттыруға баса назар аударғанын атап өткен жөн. Өмір сапасы мәселелері қоғамдық-саяси күн тәртібінде әрдайым маңызды орынға ие болғанына қарамастан, пәрменді шешімдерді талап ететін бірқатар міндеттер қалып отыр. Президент жанындағы ҚСЗИ зерттеулерінің деректері бойынша Қазақстан халқының басым бөлігінің нақты табыстарының деңгейі оларға өз қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді, - деді Қасымова.

Оның айтуынша, әлеуметтік жағынан осал топтар, сондай-ақ жұмыссыздар, әйелдер және басқа да топтар төменгі табыстың салдарын көріп отыр.

Сондықтан осы топтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жағына қарай қадамдар жасалды. Ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесін енгізу, зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін арттыру және т. б. Бұл өзгерістердің нақты нәтижесі – ең төменгі жалақы мөлшерін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін арттыру, сондай-ақ ең төменгі зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайыз дейін ұлғайту, - деді ол.

Қасымова Президенттің әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде бала тууға байланысты демалыстағы әйелдер мәселесі назар аударғанын айтты.

Бірнеше рет әйелдердің бірнеше әлеуметтік рөлдерді біріктіруіне байланысты қиындықтар, соның салдарынан еңбек нарығына күйзеліс күйінде шығу және кейбір жағдайларда мәжбүрлеп жұмыстан босату байқалды. 2023 жылдың қаңтарынан бастап, бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемдер кезеңін арттыру ата-ана үшін де, бала үшін де қысқа мерзімді ақылы бала күтімі демалысының жағымсыз салдарын жоюға мүмкіндік береді. Бұл уақыт аралығында ата-аналардың бірі, көбінесе әйел, кәсіби дағдыларын сақтап, сонымен бірге отбасылық бюджетке көп экономикалық зиян келтірместен декреттік демалыста бола алады деп болжанады, - деді Президент жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы