Түрмеге тоқыма қолғаппен телефон тасыған ақмолалық ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола колония қоршауының үстінен тоқыма қолғапқа салынған екі ұялы телефонды лақтырған азамат қолға түсті. Оның қылмыстық әрекетіне Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері тосқауыл болды, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
Атбасар аудандық полиция бөліміне хабар түскен соң, полицейлер іске кіріскен. Оқиға тәртіп сақшыларының көз алдында болған. 33 жастағы жігіт темір қоршаудың сыртынан тоқыма қолғапты асыра лақтырмақ болған. Осыған дейін есірткі сақтағаны үшін сотталған «курьер» жігіт түзеу мекемесінің алдына келіп, жан-жағына қарайлай бастаған. Ешкімді байқамаған ол қойнындағы түйіншекті алып қоршаудан енді асырам дегенде қолға түсті, – дейді Ақмола облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Горнова.Түйіншектің тоқыма қолғап екені анықталған. Ішінен Nokia, Samsung маркалы телефондар мен екі SIM карта шықты.
Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда машина жасау саласына инвестиция тартылмақ
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы