Түрмеден тікелей хакерлік шабуыл: тұтқын 15 адамдың жаза мерзімін қысқартқан

Румынияда хакер Тыргу-Жиу түзеу мекемесінің ақпараттық жүйесін бұзып, 15 тұтқынның жазасын қысқартқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Din Politica басылымына сілтеме жасап сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, бұрын кибералаяқтық үшін сотталған тұтқын уақытша Деж қаласындағы түрме ауруханасына ауыстырылған. Сол кезде ол түрме әкімшілігінің компьютер жүйесіне кіру үшін қолданылатын полиция қызметкерінің логині мен паролін байқап қалған болуы мүмкін.

Тұтқын Тыргу-Жиу мекемесіне оралған соң, осы мәліметтерді пайдаланып, түрме ішіндегі ақпараттық терминалдарға кірген. Әкімші құқығы бар аккаунт арқылы ол IMSweb атты жүйеге толық қолжеткізе алған. Бұл жүйе тұтқындардың жеке деректері мен жазаларын басқару үшін қолданылады.

Басылым жазғандай, үш ай бойы тұтқындар күн сайын жүйеге кіріп, маңызды деректерді өзгертіп отырған. Олар өз жазаларын қысқартып, есепшоттарындағы ақшаны бір-біріне аударып, ұстау шарттарын өзгертіп және рұқсат етілмеген интимдік кездесулерге мүмкіндік жасап отырған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы