Түрмедегілер тапқырлығымен таңғалдыруда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен аптада Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД қылмыстық-атқару жүйесінің 3 мекемесінде 4 ұялы телефон мен 2 литр алкоголь өнімі тәркіленген.
Тыйым салынған заттарды сотталғандарға туыстары, таныстары беріп жіберген. Заттарды жіберу тәсілдері, байланыстағы адамдардың айлакерлігі мен тапқырлығы барған сайын ҚАЖД қызметкерлерін таңғалдыруда. Мәселен, осындай мекемелердің бірінде «Роллтон» ішінде «iPhone» телефонын, ал чипсының ішінде целофанға оралған спирт табылды. Ол – ол ма, бұл жылы түрме қызметкерлері колонияларға есірткі тасымалдаудың жаңа тәсілінің үстінен тап болып жатыр.
Соктың түтікшесіне скотчқа оралған есірткіні тығып, түтікшені тіс пастасының ішіне салған. Алайда офицерлер тыйым салынған заттарды уақытында тауып, тәркіледі, – дейді ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жанболат Кәлетаев.Кейбір жағдайларда қауіпсіздігі төмен колонияларда сотталғандар тыйым салынған заттарды заңсыз өткізуге тырысады. Мәселен, өткен аптада жұмыстан колонияға оралған 20 жастағы сотталған адам іш киіміне телефонды салып өтпек болған.
Шығыс Қазақстан облысының барлық түзету мекемелері металл іздегіштермен, видеорегистраторлармен және рентгендік-телевизиялық құрылғылармен жабдықталған, – деп хабарлайды ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметі.Айта кетейік, жыл басынан 17 телефон және 5 литр алкогольдік ішімдікті түрме қабырғасына кіргізбек болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Volkswagen компаниясы ұшатын көліктер құрастырмақ
Өзгелердің жаңалығы