Түрмедегі қақтығыстан 68 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эквадордағы Литорал түрмесінде сотталушылар арасында жанжал шығып, соның салдарынан 68 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.
Тәртіпсіздік түрмеге билігін жүргізгісі келетін қылмыстық топтардың өзара бақталастығынан туған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
BBC басылымының жазуынша, 12 қараша күні Литорал түрмесінде жаппай төбелес болып, соның салдарынан 70-ке жуық адам қаза тапқан. Жанжалды басуға келген полицейлер сотталушылардан атыс қарулары, жарылғыш заттар мен пышақтарды тәркіледі.

Жанжалға түрмеге әмірін жүргізгісі келетін топтардың бақталастығы себеп болған. Жергілікті БАҚ түрмедегі толқу әлі басылмағанын айтады. Ал сотталғандардың туыстары түрме алдына жиналып, наразылықтарын білдіріп жатыр.
Олар бір-бірін өлтіріп жатыр. Күйеуім не тірі, не өлі екенін біле алмай отырмыз. Бізге ешкім жауап бермейді, – дейді сотталушының туысы.Мұндай жағдай Литорал түрмесінде осымен екінші рет қайталанып отыр. Қыркүйек айында болған жаппай тәртіпсіздіктен 100-ден астам адам қаза тапқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Головкин өзінің басты жекпе-жегі кіммен өтетінін айтты
Өзгелердің жаңалығы