Түрмедегі адамды ақшаға босатып беруге уәде берген жамбылдық ұсталды

Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция бөліміне Шу қаласының тұрғыны өтініш білдірді. 57 жастағы әйел бір ер адамның ұлын түрмеден босатуға көмектесуге уәде бергенін айтты. Өз қызметі үшін ол 3 000 000 теңге көлемінде қаражат сұраған, алайда ақшаны алғаннан кейін әртүрлі сылтаулар айтып қашқақтап жүрген, - делінген хабарламада.

Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Шу ауданының полиция қызметкерлері 32 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. 

Істің барлық егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

Аталған қылмысты жасағаны үшін Қылмыстық кодексте мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жамбыл облысы ПД
Өзгелердің жаңалығы