Түрме ауласынан тыйым салынған көлемді заттар тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО бойынша ҚАЖД РУ – 170/3 мекемесі қызметкерлерінің қырағы және тиімді жұмысының арқасында түрме ауласына лақтырылған үлкен көлемдегі тыйым салынған заттар тәркіленді, деп хабарлады Polisia.kz.
Қарауыл бекетінің сақшысынан сыртқы тыйым салынған аймақ тұсынан белгісіз біреу “белгісіз зат” лактырғаны туралы дабыл белгісі келіп түскен.
Дабыл белгісі бойынша жеткен қарауыл және кезекші ауысым қызметкерлері түзеу мекемесінің тыйым салынған аумағынан белгісіз полимерлі қаптаманы тауып тәркіледі. Белгісіз қаптама ішіне 17 ұялы телефон, 19 дана қуаттандырғыш құрылғы, 55 дана сим карта мен бір дана жад картасы жасырылған, - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда ұялы телефондар тиісті органдарға беріліп, тиісті қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Қар барысына" бас бапкер тағайындалды
Өзгелердің жаңалығы