Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті қызметіне қайта сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйгілі қазақстандық балуан, спорт қайраткері Дәулет Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті қызметіне қайта сайланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

12 сәуірде Алматыда өткен Азия күрес кеңесінің Бас ассамблеясында оның қазіргі басшысы Дәулет Тұрлыханов қатысушылардың бірауызды шешімімен төрт жылдық мерзімге қайта сайланды.

Ассамблеяға Біріккен күрес әлемінің президенті, ХОК Атқару комитетінің мүшесі Ненад Лалович (Сербия), UWW вице-президенттері Михаил Мамиашвили (Ресей) және Ахролжан Рузиев (Өзбекстан), сондай-ақ UWW мүшесі қатысты. 

Айта кетейік, Дәулет Тұрлыханов 2017 жылы мамыр айында Нью-Делиде өткен конгресте Азия күрес кеңесінің президенті болып сайланған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы