Түрлі этносты тоғыстырған Тобыл өңірі

Қостанай бүгінгі бірінші мамыр мерекесін түрілі этностардың ән мен биімен атап өтеді, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенділері 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай облыс орталығындағы шағын аудандарында үлкен мерекелік бағдарлама дайындады.

Атап айтар болсақ, Жастар сарайының алдындағы алаң, Әуежай ауданындағы «Керуен саябағы», Сити қала орталығында түрлі тақырыптық шығармашылық алаңдар жұмыс істеді. Оның сыртында ұлттық ойындардан жарыстар өткізіліп, қазақ жерінде мекендеп жатқан түрлі этностарлың билерінің қыр-сырлары үйретуден шеберлік сағаттарыда назардан тыс қалмады. 

Бұл жолғы мереке бір сөзбен айтқанда қазақ халқы мен осындағы түрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрлерінің алуандығына ерекше мән берілді.

Облыс орталығындағы шығын аудандарда құрылған барлық шығармашылық алаңдарда облысымыздың ең атақты хореографиялық ұжымы «Карнавал» би ансамблі өзінің үздік композицияларын көрерменге ұсынуы көптің көңілінен шықты.

Аталмыш өнер ұжымы репертуарындағы ең жақсы халық билерін тағы бір рет қостанайлықтарға тарту етті. Бишілердің орындаған қазақ, орыс, украин, корей, өзбек, чукча және т.б. ел орнынан тік тұрып тамашалады.

Ондан кейін этно-мәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары мен Қостанай қаласының өнер қайраткерлерінің қатысуымен өткен «Бірлікте біздің күшіміз!» атты концерттік бағдарламасы мерекенің шырайын аша түскендей.

Сондай-ақ самаурын жағу, ұлттық билер, ежелгі технологиялар бойынша бұйымдар жасау шеберлік сыныптары өте тартымды болды. Сити орталықта қала тұрғындары мен қонақтарына арналған ұлттық бас киімдер элементтері бар фотоаймақ ұйымдастырылды.

Ұлттық мәдени орталықтардың төрағалары ҚХА саласындағы үздік жобалардың авторларын марапаттады.

Мереке облыс орталығымен қатар іргелес жатқан Тобыл қаласында да барынша жоғары дәрежеде өтті. Бұл қаладағы мерекенің басым бөлігі орталықтағы «Жаңару» саябағында ұйымдастырылды. Бұл саябақта Қостанай ауданында тұрып жатқан түрлі этностар мен мекемелер тақырыпқа сай көрмелер ұйымдастырды.

Қазақ елі қашанда бірлік пен берекенің ерекше үлгісін әлемге көрсетіп келеді. Бұл күнде қазақ жерінде жүз отызға жуық түрлі эностар тату-тәтті алаңсыз өмір сүруде. Біз осы тыныштығымыз бен ұрпағымыздың алаңсыз өмір сүруіне жағдай жасап отырған Қазақ мемлекетіне айтар алғысымыз шексіз, - дейді Қостанай аудандық мәслихатының депутаты Марина Растегаева.

Иә, расымен, қазақ жері бұл күнде нағыз достықтың мекені десек, артық айтқандық емес. Кезінде тағдыр тәлкегімен бір түнде туған жерлерінен күштеп қазақ жеріне көшірілген өзге этностың ұрпақтары ашаршылықта бөліп жеген қара нанның қадірін бір сәтте ұмытпаймыз дейді.

Құрметті қазақстандықтар бүгінгі 1 мамыр бірлік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Егемендік алған жылдардан бастап еліміз достықтың нағыз мекеніне айналып үлгерді. Осы біріліктің арқасында мерекеден мерекеге аман есен жете берейік, - дейді Қостанай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мылтықбай Абдуайтов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы