ТҮРКСОЙ Қазақстан халқына қолдау білдірді

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы су тасқынына байланысты Қазақстан халқы мен билігіне қолдау білдіріп, үндеу жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Халықаралық мәдени ұйым осындай сын сағатта қазақ бауырларымен бірге екенін айтып, табиғи апаттан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетілетін жеткізді.

Құрметті бауырластарым! Бүгінде Қазақстан халқы қиын-қыстау күндерді басынан өткеруде. Қазақстанның солтүстік облыстарының біраз жерін су басып, халықтың тұрмыс-тіршілігіне ауыртпалық әкелді. Осындай жағдайда халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы сіздермен бірге екенін білдіргіміз келеді. Ұйымға мүше 14 мемлекеттің атынан сіздерге күш-қуат және сабырлық тілейміз. Жақсы күндер әлі алда, - деді халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы