ТҮРКСОЙ мәдениет және қоғам қайраткерлерін марапаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Достық үйінде Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының бас хатшысы  ТҮРКСОЙ мәдениет және өнер қайраткерлерімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу өткізді. 

Жиын барысында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымның бас хатшысы Сұлтан Раев арнайы ат басын бұрды. Сондай-ақ іс-шараға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ҚХА мүшелері, еліміздің көрнекті мәдениет және қоғам қайраткерлері қатысты. 

ТҮРКСОЙ түркі мәдениет дамыту мен ілгерілетуге үлес қосқан мәдениет және өнер қайраткерлерін марапаттады. Атап айтқанда, жазушы Айгүл Кемелбаева, ақын Бауыржан Қарағызұлы, жазушы-драматург Жолтай Жұматқа Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының «Абай» төсбелгісі табысталды.

Еске сала кетейік, 30 жылға жуық тарихы бар халықаралық ұйым түркі жұртының руханияты мен мәдениетіне қолдау көрсетіп келеді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы