Түркияның жағалау күзеті Измир маңында 37 мигрантты құтқарды
Түркияның Измир провинциясы жағалауында заңсыз мигранттар мінген қайық суға батып, жағалау күзеті қызметкерлері 37 адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы елдің Ішкі істер министрі Али Ерликая X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
Оқиға Дикили ауданында болған. 37 адам аман алып шығарылған, тағы бір мигранттың мәйіті табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, қайықта барлығы 45 адам болған. Жеті мигранттың тағдыры әзірге белгісіз, оларды іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Операцияға жағалау күзетінің TCSG-502 тікұшағы да тартылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Куба басшысы АҚШ-пен қақтығысқа дайын екенін мәлімдеді
Өзгелердің жаңалығы