Түркияның Ұлы ұлттық жиналысында саясаткерлер Қазақстандағы оқиға қатысты бірлескен мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біз бауырлас Қазақстандағы соңғы күндері орын алған жағдайға алаңдаушылық танытамыз. Қазақстанның тұрақтылығы мен тыныштығы біз үшін өз еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығы сияқты маңызды, деді Түркияның Ұлы ұлттық жиналысының спикері Мұстафа Шентоп.
Қазақстандықтардың парасаттылығы мен басшылықтың төзімділігі арқасында бәрі тынышталып, елдің қалыпты өміріне оралып жатқанына қуаныштымыз.
Оқиға салдарынан қаза тапқан бауырларымызға көңіл білдіреміз, Қайғылы оқиғаға байланысты Алланың мейірімі мен шыдамдылық тілейміз. Зардап шеккендер тез жазылып кетсін.
Біз адам өміріне қауіп төндіретін, қоғамдық тәртіпті бұзып, мүлікке зиян келтіретін кез келген зорлық-зомбылық пен іс-әрекеттерге қарсымыз.
Халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған күн тәртібіндегі шешімдер мен Қазақстан Әкімшілігінің реформаларын қолдаймыз.
Біздің Ардагерлер кеңесі 15 шілдедегі мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті кезінде қазақстандық биліктің қолдауын ұмытпайды.
Түркия Қазақстан тәуелсіздігін алған күннен бастап оны қолдайды және бұдан кейін де Қазақстан бейбітшілігі мен тұрақтылығын сақтау үшін кез келген көмек ұсынады, - делінген бірлескен мәлімдемеде.
Мұстафа Шентоп
Түркияның
Ұлы ұлттық жиналысының спикері
Энгин Алтай
Түркияның
Республикалық халық партиясы
парламенттік тобы
төрағасының орынбасары
Мусават Дервишоглу
IYI Ұлтшылдық партиясы
парламенттің тобы
төрағасының орынбасары
Джахит Озкан
Әділдік және даму партиясы
парламенттік тобы
төрағасының орынбасары
Эркан Акчай
Ұлтшылдық қозғалыс партиясы
парламенттік тобы
төрағасының орынбасары