Түркияның солтүстігінде екі автобус соқтығысып, 12 адам жарақат алды
Түркияның солтүстігінде орналасқан Синоп провинциясында екі автобустың қатысуымен ірі жол апаты болды. Салдарынан 12 адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ TRT Haber телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, оқиға Синоп–Самсун тас жолында тіркелген.
Жол-көлік апаты салдарынан түрлі жарақат алған 12 адам Синоптағы ауруханаларға жеткізілді.
Қазір оқиға бойынша тергеу басталды, апаттың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тұрғын үйдегі өрттен төрт адам қаза тапты
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы