Түркияның Қахраманмараш провинциясында тағы жер сілкінді
Түркияның Қахраманмараш провинциясында 4,0 магнитудасымен тағы жер сілкінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Анадолыға сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) мәліметіне сәйкес, зілзала Түркияның Қахраманмараш провинциясының Гексун ауданында болған.
Еске салсақ, биылғы 6 ақпанда Түркияның осы аймағында жойқын зілзаладан мыңдаған адам қаза болған еді. Соңғы деректер бойынша құрбан болғандар саны 48 мыңнан асып отыр.
Түркия вице-президенті Фуат Октайдың мәліметінше, 3 мыңнан астам құтқарушы апат аймақтарында әлі де жұмыс жүргізіп жатыр.
Апат аймағында 1 миллион 805 мың 842 ғимарат тексеріліп, 653 мың тұрғын үй апатты және орташа зақымданған деп танылған. Қоқыстың 20 пайызы шығарылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы