15 Қараша 2026, 09:52
Фото: TRT Haber
Түркияның Мугла провинциясында жол апатынан кейін көлік өртеніп, екі адам қаза тапты
Жеңіл көлік электр бағанына соғылғаннан кейін отқа оранған.
Түркияның Мугла провинциясында жол-көлік оқиғасынан кейін көлік өртеніп, екі адам көз жұмды. Тағы бес адам зардап шекті.
TRT Haber мәліметінше, жеңіл көлік электр бағанына соғылған. Қатты соққыдан кейін бағана көліктің үстіне құлап, артынша өрт шыққан.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер, жедел жәрдем бригадалары мен полиция қызметкерлері жеткен.
Өрт сөндірілгеннен кейін көліктің ішінен екі адамның мәйіті табылды. Әзірге олардың кім екені анықталған жоқ.
Тағы бес зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында балалар да бар.