Түркияның Мармара аймағында 4,5 магнитудалы жер сілкінісі болды

Түркияның Балыкесир қаласының Сындырғы ауданында 4,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

AFAD мәліметінше, жер сілкінісінен кейін ешқандай теріс салдар байқалмаған, тексеру жұмыстарын жүргізу жалғасып жатыр.

Жерасты дүмпуі 11:58-де тіркелген. Зілзала ошағы шамамен 7,14 шақырым тереңдікте болған. Ауданда афтершоктар жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы