18 Шілде 2026, 18:19 Фото: pexels.com

Түркияның Малатья провинциясында магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі бірнеше өңірде сезілгенімен, алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен қираулар тіркелген жоқ.

Түркияның Төтенше жағдайлар және табиғи апаттарды басқару басқармасының (AFAD) мәліметінше, жер асты дүмпулері жергілікті уақытпен сағат 06:20-да тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы 15,59 шақырым тереңдікте орналасқан.

Бұған дейін Түркияның Мұғла провинциясында орман өрті болғаны хабарланған еді.

Сондай-ақ бүгін, 18 шілдеде Астана уақытымен сағат 02:09-да сейсмологтар Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аумағында жер асты дүмпулерін тіркеді.