Түркияның Кемер ауданындағы орман өртін 15 тікұшақ сөндіріп жатыр

Гейнюк-Мельничендере аймағында белгісіз себептермен орман өрті шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі aa.com.tr сайтына сілтеме жасап.

Өртке 15 тікұшақ, 8 су цистернасы, 6 жедел әрекет ету машинасы және көптеген бригада тартылды. Жол жиегіндегі өрттің салдарынан жабық болған Кемерге апаратын жол арнайы өрт сөндіру көліктері үшін ашылды.

Анталия әкімі Языжы Ерсиннің айтуынша, өрт тұрғын ауданға жақындаған жоқ, сақтық шаралары әлі де қолданылады. Қазіргі кезде эвакуацияланған адамдар жоқ.

Өрт шамамен 3,5 шақырымға созылған, ал жел сағатына 20 шақырым жылдамдықпен соққан. Түтіннен зардап шеккен 6 адам ауруханада жатыр. Жақында әртүрлі мекемелер мен ұйымдардан қосымша жұмыс техникасы келеді. Сондай-ақ 200-ге жуық қызметкер, өртке қажет құрылыс техникасы мен көлік құралы келеді, - деді ол.

Ал "аудан эвакуацияланды ма?" деген сұраққа Ерсин "біз осы аймақтағы 10-ға жуық отбасын эвакуациялап жатырмыз, оларға сақтық шараларын қолдану туралы нұсқаулық берілді" деп жауап берді.

Аударған: Саяжан Құдайберген

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы