Түркияның екі аймағында 5 балға жуық жер сілкінді
Түркияның Малатия провинциясының Доганшехир ауданында Рихтер шкаласы бойынша 4,9 балдық жер сілкінісі болды. Содан кейін Ризе провинциясының Хемшин ауданында тағы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Kazinform-ның хабарлауынша, Малатиядағы жер сілкінісінен кейін бірден Ризеде де 4,7 балдық зілзала тіркелді. Дүмпу Артвин, Байбурт, Эрзурум және Трабзонда да сезілген.
Түркия үкіметінің Табиғи апаттардың алдын алу және апаттарды басқару департаментінің (AFAD) хабарлауынша, дүрбелеңге түскен адамдардың көпшілігі үйлерін тастап кеткен.
Құтқарушылар жағдайды бақылап, жергілікті билік тұрғындарды сабырлық пен сақтық шараларын сақтауға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанадан бір күнде 28 мың текше метрден астам қар шығарылды
Өзгелердің жаңалығы