Түркияның батысындағы зілзала құрбандарының саны 100 адамға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның батысындағы зілзала құрбандарының саны 100 адамға жетті. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.
Басқарманың мәліметінше, 30 қазандағы Түркияның батысында болған 6.6 балдық жер сілкінісінен кейін 1401 дүмпу болған. Оның 44-інің магнитудасы 4 балдан жоғары. Ауруханаларға 994 адам жеткізілген. Зардап шеккендердің 884-і медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілген, 147-сі емделіп жатыр. Олардың 12-сі жан сақтау бөлімінде. 17 қираған үйдің 12-сінің үйінділерін бөлшектеу аяқталды.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бұған дейін жер сілкінісінің салдарын жою үшін мемлекеттің барлық қажетті ресурстарының шоғырланғанын мәлімдеген болатын. Мемлекет басшысы үйінен айырылған барлық азамат жаңа пәтерлер алатынын атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордадағы тұрақ алаңына жауапты компания әкімдікке жауап берді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы