Түркияның бас консулы маңғыстаулықтарға алғыс білдірді
Маңғыстау облысының тұрғындары зілзаладан зардап шеккен Түркия еліне 1,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Гуманитарлық көмектің алғашқы легі 11 ақпан күні таңғы сағат 07:40-та «Turkish Airlines» әуе компаниясы арқылы Ақтау - Ыстанбұл бағытында жіберілді.
«Тұрғындардың тарапынан өте көп көмек көрсетілді. Ақтау-Ыстанбұл рейсі ұшағына 1,5 тонна жүк тиелді. Барлығыңызға ризашылық білдіреміз», - деді Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Сабри Альптекин.
Бас консулдың айтуынша, ұшаққа сыйма қалған және тағы жиналған киімдер келесі рейстермен жолданатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында төрт адам 50 жастағы әйелді өлтірмек болған
Өзгелердің жаңалығы