29 Қараша 2026, 19:13 Фото: istockphoto.com

Түркияның 39 провинциясында ауа райына байланысты сары деңгейлі ескерту жарияланды

Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр, нөсер мен қатты жел күтіледі. Шығыс Анадолының кей аймақтарында қар жауады.

29 қарашада Түркияның 39 провинциясында, соның ішінде Ыстанбұл мен Измир қалаларында ауа райының қолайсыздығына байланысты сары деңгейлі ескерту күшіне енді.

Түркияның Бас метеорология басқармасы ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауатынын болжады. Кейбір өңірлерде нөсер жаңбыр мен дауылды жел соғуы мүмкін.

Сонымен қатар Шығыс Анадолы аймағының шығыс бөлігінде қар жауады деп күтіледі.