Түркиялық профессор озық технологиялық операция бойынша бірнеше ота жасады

Түркиялық қан тамырлар хирургтері павлодарлық әріптестеріне шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Стамбул қаласынан келген қан тамырлар профессоры Әділ Полат алты бірдеу науқасқа ота жасады. Озық технологиялы операция әдісін Павлодардағы қалалық аурухананың дәрігерлеріне көрсетті.

Операция барысында сан артериясында арнайы баллонды катетер қолданылды. Аз инвазивті операция түрі, яғни, науқастың аяғына тілік жасалған жоқ. Ешқандай стент немесе өзге де қосалқы құралдарды пайдаланған жоқпыз. 54 жастағы пациенттің қан тамырларын түйіншектерден тазарттық. Әдетте жамбастан бастап, тізе буынына дейінгі тамыр тазартылады. Бұл сырқат темекіге әуес, гипертониялық дерттерге шалдыққан немесе қант диабеті бар азаматтар арасында жиі кездеседі, - дейді түркиялық маман.

Осы әдіс Ертіс өңірінің медициналық ұйымында алғаш рет енгізілгелі тұр. Болашақта тәжірибе аясы кеңеймек.

Павлодарлық дәрігерлердің кәсібилігі жоғары. Техникалық базасы да жақсы деңгейде. Сондықтан, әріптестерім жаңа тәсілді оңай меңгеріп алады деген ойдамын. Бұған осы операция дәлел. Операциядан соң науқасқа оңалу қажет, бірақ, бұған ұзсақ уақыт кетпейді. Бірнеше күннен кейін аяққа тұрып кетеді. Операция түрінің ерекшелігі осы. Нәтижесінде қан айналымы ретке келіп, науқас қалыпты өмір сүріп кетеді, - дейді Әділ Полат.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы