Түркияға жолдама құны 50 пайызға қымбаттайды

Келесі жылы қазақстандықтар үшін Түркияға демалыс бағасы 50 пайызға қымбаттайды,деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл Түркиядағы инфляция мен  қонақ үйлердің бағасының өсуімен тағыз байланысты. Сондай-ақ шығындарды өтеу мақсатында билік басындағылар қонақ үй жұмысшыларының жалақысын көтеру туралы қабылдағанымен байланыстырады. Осындай әдіспен кәсіпкерлер кеткен шығынның орнын толтыруға мәжбүр екендерін айтады. 

Түркияның кез-келген қаласына демалыс жоспарлап отырған қазақстандықтар енді бесжұлдызды қонақ үйді – 50%-ға, төменгі сыныптағы қонақ үйлерді – одан қымбатқа жалдай алады.

Мысалы, өткен жылы екі бөлмелі қонақ үйді -90 евроға алсаңыз, енді оны 140 евроға ала аласыз.

Қазақстандағы туристік агенттік өкілдері де бұл өзгерістің туристік жолдамалардың да бағасының өсуіне әкелетінін айтады. 

Өткен жылдың жазында Түркияның курорттық қалаларында барлық қонақ үйлер 100 пайызға дейін лық толы болған. Бүгінгі күннің өзінде демалысқа брон қойып жатқан Қазақстандықтар көп. Қонақ үй иелері айтқандай, бағалар қазірдің өзінде 20%-ға көтеріліп отыр. Бірақ демалысыңыздың күнін анықтап, қонақ үйді ерте брондау арқылы белгілі жеңілдікпен бөлмелерді ала аласыз,-дейді туристік агенттік менеджері Сания. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
NASA Айға зымыран ұшырды
Өзгелердің жаңалығы