15 Ақпан 2023 2023, 19:30 Фото: Ilyas Akengin

Түркияға көмектеспек болған оқушының іс-әрекеті елді сүйсінтті

Мектеп оқушысы анасының түскі асқа деп берген ақшасына Түркияға көмек ретінде макарон сатып алып келген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкентте мектеп оқушысы анасының түскі асқа деп берген ақшасына Түркияға көмек ретінде макарон сатып алып келген, деп хабарлайды BAQ.KZ.


Әлеуметтік желіде тараған видеода баланың сөмкесінен макарон алып, Түркияға гуманитарлық көмек жинап жатқан еріктілерге табыстаған  сәтін байқауға болады. Ол өзінің үйде  4 ағайынды екенін  және түскі асқа деп анасы берген ақшаға макарон сатып алғанын айтады.