Түркияға барғандар саусақ ізін тапсырады
Түркияда елге келушілерге саусақ іздерін тапсыру міндеттеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Жергілікті ішкі істер министрлігі АҚШ пен Ұлыбританиядағы жүйеге ұқсас көші-қон заңына түзетулер енгізді. Сонымен қатар, босқын мәртебесін алғандардың жеке куәліктерін чиптеуді жоспарлап отыр.
Бұл шара заңсыз иммигранттарға қарсы күресте тиімділігін көрсетеді дейді мамандар. Соңғы мәліметке сәйкес, Түркияда 4 жарым мыңға жуық мигрант бар. Оның 3 мыңы Сириядан бас сауғалап келгендер.
Бірақ 700 мың сириялық көрсетілген мекен-жайда тіркелмеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысының ауылдарында 38 медициналық нысан бой көтереді
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы