“Түркияға арзан жолдама”: Ақтаулық әйел алаяққа алданып қалды
Түркияға арзан жолдама алмақ болған ақтаулық әйел алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтау қаласының Полиция басқармасына алаяқтан зардап шеккен жергілікті тұрғын арыз жазды. Алаяқ әйел демалыс маусымын пайдаланып, Түркияға арзан жолдама уәде етіп, жәбірленушінің 350 мың теңге көлеміндегі ақшасын алып, уәдесінде тұрмаған. Криминалдық полиция қызметкерлері бұл қылмысқа қатысы бар 36 жастағы азаматшаны анықтап, ұстады.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Смайылов пен Мишустин Шолпан-Атада не туралы сөйлесті
Өзгелердің жаңалығы