Түркиядағы зілзаладан соң екі мыңға жуық бала жетім қалды
Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи жер сілкінісі кезінде ата-анасынан айырылған үйінділерден құтқарылған балалардың тағдыры туралы айтты, деп хабарлайдыBAQ.KZ Liter.kz-ке сілтеме жасап.
Елші қазір жетім балалар мемлекеттің бақылауында екенін айтты. Енді олардың жеке деректерін анықтап, құжаттары қалпына келтіріледі.
Оларға психологиялық көмек көрсетіледі. Бұл балалар басқа елдерге асырап алуға жіберілмейді. Олар Түркиядағы туыстарының отбасыларына орналастырылады. Қазір 1858 бала патронаттық бақылауда. Олардың 200-інің жеке басына қатысты ақпарат және құжаттары әлі анықталған жоқ, - деді Уфук Экиджи.
Соңғы мәліметтер бойынша Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адияман, Османие, Хатай, Килис, Малатия және Элазиг провинцияларында қаза тапқандардың жалпы саны 43 556 азамат болды. Апат аймағынан 448 018 адам эвакуацияланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында оқушыдан ашық түрдегі туберкулез анықталды
Өзгелердің жаңалығы