Түркиядағы зілзалада 4 қазақстандық жоғалып кетті
Бұл туралы Түркияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи елшілікте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, 100 жылға жуық уақыттан бері қайталанып отырған зілзала кезінде хабар-ошарсыз кеткендер арасында Қазақстан азаматтары да бар.
Түркияда орын алған жойқын зілзала кезінде жоғалып кеткендер арасында өкінішке қарай Қазақстан азаматтары да бар. Төрт адам хабар-ошарсыз кеткен деген дерекке қол жеткіздік. Бір жас қыз, блогер болуы мүмкін, Адана қаласында, үш кісі Хатай провинциясында жоғалған. Алайда бұл ресми ақпарат деп айта алмаймын. Бізге бұл мәлімет әлеуметтік желілерден белгілі болды, - деп атап өтті Төтенше және өкілетті елші.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Наурыз айында ауа райы қандай болады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы