Түркиядағы зілзала. Қаза тапқандар саны 48 мыңға жуықтады

Түркияның оңтүстігінде орын алған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 47 932 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап. 

Зілзала құрбандарының арасында 6 265 шетел азаматы бар. 

Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу Малатьядағы Табиғи апаттар бойынша үйлестіру орталығының отырысында мәлімдеді. 

Қазіргі сәтте апат аймағында 209 контейнерлік қалашықтың құрылысы басталды. Олардың 42-інде инфрақұрылымдық жұмыстар аяқталды. Жалпы 209 контейнерлік қалашықта 108 мың контейнер орнатылады. Оның ішінде, 15 809-і іске асырылды, - деді ІІМ басшысы. 

Еске сала кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығында жойқын жер сілкінісі орын алды. 

Зілзала көрші елдерде, соның ішінде Сирия, Ливан, грекиялық Кипр мен Иракта сезілді.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Anadolu Agency
Өзгелердің жаңалығы