Түркиядағы зілзала. 900 мыңнан астам адам шатырларда тұрып жатыр

Бұл туралы Түркияның еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи елшілікте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, Түркияда «жараларды жазу» жұмыстары басталды. 

Ғимараттар бойынша келтірілген залал анықтау жұмыстары жалғасуда. Бүгінге дейін 1 млн 188 мыңға жуық ғимарат зерттелді. Оның 156 мыңы қираған немесе тез арада бұзылуы қажет және қатты бүлінген деп танылды. 1 млн 684 мың азаматымыздың баспана мәселесі шешілді. Бұл азаматтарға шатырларда, контейнерлерде, Білім министрлігіне қарасты жатақханаларында, мектептер мен мекемелерде, сондай-ақ мемлекеттік және жеке қонақ үйлерде баспана берілді. Күн сайын көбірек контейнер және шатыр қалашықтар салынып жатыр. Шатырлы қалашықтар 270 нүктеге орнатылды. AFAD – 301 809 шатыр, Ұлттық қорғаныс министрлігі – 59 мың шатыр орнатты. Қызыл Жарты Ай және басқа мекемелер орнатқан шатырлармен бірге бұл сан 400 мыңға жетті деп айтуға болады, - деді елші. 

Белгілі болғандай, бұл сандар күн сайын өсіп келеді.

Шатырлар мен контейнерлерде қазіргі кезде тұрып жатқан азаматтарымыздың саны 900 мың адамды құрайтыны жарияланды. Қажетті шатырлар мен контейнерлер, ең алдымен, ел ішінде жеткізуге тырыстық. Ол үшін Түркиядағы компаниялар өндірісті ұлғайтты және жеделдетті. Сонымен бірге өндіріспен қатар басқа елдерден бұл материалдарды табу тезірек жүреді. Бұл үшін дос және бауырлас елдерден көмек ретінде жіберілген шатырлар мен контейнерлер өте пайдалы болуда. Қажеттіліктеріміздің бір бөлігін біз әр түрлі көздерден ақыға сатып алу арқылы қамтамасыз етуге тырысудамыз, - деді Уфук Экиджи. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы