Түркиядағы жер сілкінісінен 22 адам зардап шекті
Түркияның солтүстік-батысында болған жер сілкінісінен 22 адам зардап шекті. Бұл туралы 23 қарашада елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа Twitter-де жазды, деп хабарлады BAQ.KZ.
Дүзджеде 22 адам зардап шекті. Олардың біреуі биіктен секіру салдарынан ауыр халде, – деді Фахреттин Қожа
Ол қалаға жедел жәрдем көліктері жіберілгенін айтты.
23 қарашада Түркияның солтүстік-батысында 6 балдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Дүздже провинциясының Голяк ауданында болды. Қайнар көзі шамамен 7 км тереңдікте жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Стоматологиялық қызметтің жаңа стандарты әзірленді
Өзгелердің жаңалығы