Түркиядағы жер сілкінісі: СІМ жедел желіні іске қосты

СІМ жедел желіні іске қосты. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы жер сілкінісіне қатысты өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде 72 05 00 нөмірі бойынша жедел желі ашылғанын хабарлаймыз. Осы телефон арқылы азаматтарымыз бен олардың туыстары көмек сұрай алады. Бұдан басқа, жақын арада Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерінің шұғыл байланыстары жарияланады. Барлық келіп түскен ақпарат қосымша тексеріледі, - деді СІМ ресми өкілі брифингте.

Айбек Смадияров жер сілкінісі аймақтарындағы гуманитарлық апатты ескере отырып, іздеу-құтқару жұмыстары біраз уақыт алатынын айтты.

Түркиядағы азаматтарымыз туралы қандай да бір ақпарат болса немесе туыстары байланысқа шықпаса, дереу жоғарыда көрсетілген СІМ жедел желісіне, Түркиядағы дипломаттарға хабарлауды сұраймыз, - деді ресми өкіл.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: egemen.kz
Өзгелердің жаңалығы