Түркиядағы Ван көлі тартылып барады
Түркияның шығысында жаһандық жылыну ықпалынан Ван көліндегі су деңгейі төмендеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Су деңгейінің төмендеуіне жауын-шашынның аздығы мен булану сияқты факторлар әсер етіп жатыр, деп жазды ҚазАқпарат ANADOLU агенттігіне сілтеме жасап.
Көлдің таяздануына байланысты мыңдаған жыл бойы су түбінде пайда болған микробиалиттерге қауіп төне бастады. Кейбір жерлердегі су астындағы шөгінділер жағалаудан анық көрінеді. Бұл құбылыс Эрчиш, Геваш пен Эдремит аудандарындағы жағалауда серуендеушілер мен фотографтардың қызығушылығын тудырып отыр.
Сарапшылардың пікірінше, Ван көлінің түбінде биіктігі 32,2 метр болатын ірі микробиалит бар. Олар уақыт өте келе су бетіне көтерілген шөгінділер жел мен ауа райының кері әсерінен жойылып кетуі ықтимал деп пайымдайды.
«Соңғы 10 жылда Ван көлінің ауданы шамамен 140 сантиметрге азайды. Мұндай құбылыс 1950 жылдардан кейін де байқалған. Құрғақшылықтан кейін жауынды кезең болады деп үміттенеміз», - дейді Су мәселелері жөніндегі мемлекеттік басқарма өкілі Айхан Шахна.