Түркиядағы турнирде Эльмира Сыздықова күміс медальды иеленді
Түркияның Анталья қаласында дәстүрлі белгілі палуандар - Яшар Догу, Хамит Каплан және Вехби Эмрені еске алуға арналған халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, отандық спортшыларымыз сайысты олжалы бастады.
Алғашқы жарыс күні әйелдер 50, 57, 65, 76 кг салмақта кім мықтыны анықтады. Ұлттық құрама сапындағы Эльмира Сыздықова (76 кг) күміс жүлдегер атанса, Эмма Тисина (57 кг) қола жүлдеге ие болды.
Доданың екінші күні әйелдер қалған 53, 59, 62, 68, 72 кг салмақта күш сынасады.
Айта кетейік, биыл тарихы терең турнирге 25 мемлекеттен 600-ден астам палуан жиналды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шығыс Қазақстанда су басу қаупі бар
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы