Түркиядағы теракт құрбандарының саны артты

Түркияның Анкара қаласында болған теракт салдарынан қаза тапқандар саны артты, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Turkish Aerospace (TUSAŞ) аэроғарыш компаниясының штаб-пәтеріндегі қайғылы жағдайдан кем дегенде бес адам көз жұмып, 22 адам жарақат алған.

Теракт салдарынан қаза тапқандар саны бес адамға дейін артты. Жалпы жараланғандар - 22 адам, олардың үшеуі ауруханадан шықты, - деп атап өтті Түркияның ІІМ Әли Ерликая жергілікті телеарнаға берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, шабуыл елде тыйым салынған Курдистан жұмыс партиясымен байланысты болуы мүмкін.

Бұған дейін Ерликая шабуыл жасаған екі лаңкестің көзі жойылғанын айтқан еді.

Еске сала кетейік, Анкара маңында орналасқан Turkish Aerospace (TUSAŞ) аэроғарыш компаниясының нысанында теракт болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Anadolu Agency
Өзгелердің жаңалығы