Түркиядағы шипажайда қаза тапқандар саны 76-ға жетті
Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау-шаңғы шипажайындағы өрт құрбандарының саны 76 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы ІІМ басшысы Әли Ерликая оқиға орнында өткізілген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Айтуынша, қайғылы жағдайға байланысты 9 адам қолға түскен,
Елдің денсаулық сақтау министрі Кемаль Мемишоглу 51 адамның зардап шеккенін, соның ішінде 1 адам жансақтау бөлімінде жатқанын айтты.
17 адам ауруханадан шығарылды, қалғандары ауруханада қалып, емделуде. Олардың жағдайы тұрақты. Бір зардап шегушінің жағдайы ауыр, - деді ол.
Бұған дейін өрттен 66 адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған.
Еске салайық, Түркияда 22 қаңтар ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Министрлік картоп бағасы қашан тұрақталатынын айтты
Өзгелердің жаңалығы