Түркиядағы өртті сөндіруге аттанған қазақстандық құтқарушылар елге оралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін қазақстандық құтқарушылар Түркиядан оралды. Оларды ТЖМ басшысы, отбасы мен журналистер елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдан күтіп алды.
Еске сала кетсек, Түркияның Анталья провинциясы Анталья мен Алания арасындағы Манавгат ауданында таулы жерде алапат өрт орын алған болатын.
Тамыз айының басында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі суағар құрылғылары бар «Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ми-8 АМТ екі тікұшағын және құрамында 16 құтқарушы бар жедел тобын орман өрттерін сөндіруге көмек көрсету үшін Түркия Республикасына жіберді.
Бүгін Қазақстан ТЖМ құтқарушыларын Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, туыстары мен достары, әріптестері қарсы алды.
Іс-шара барысында министр әріптестеріне аман-есен елге оралғандары үшін қуанышты екенін айтты.
Өздеріңіз білесіздер, Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстанда да өте ыстық ауа райы тіркелді. Түркияда алапат өрт тіркелді. Түркия Республикасы тарапынан Қазақстанға өтініш жасалды. Осылайша Мемлекет басшысы Түркияға гуманитарлық көмек көрсету жөнінде шешім қабылдады. Басқа да мемлекеттер сияқты Қазақстан да көмек ретінде тікұшақтарын жіберді. Шығынның барлығы Қазақстан тарапынан өтелді. Басқа да мемлекеттік бауырлас Түркия еліне көмек көрсетулерін жалғастырып жатыр. Біздің тікұшақтар «Қазавиақұтқару» тарихында алғаш рет ең ұзақ ұшуды тіркелді. Атап айтқанда, шамамен 4 мыңнан аса шақырымды еңсерді, - деп айтты министр өз сөзінде.
ТЖМ басшысы атап өткендей, орман алқабында тараған өртпен күресу үшін құтқарушылар 8 тәулік бойы ауқымды жұмыс жүргізді. Жұмыс басталғаннан бері орман өрттерінің ошақтарына барлығы 300 тоннадан астам су 80 рет жіберілді. Тікұшақтар Даламан қаласының маңында жұмыс істеді.
Қазақстандада жағдай біршама қиын. Батыс Қазақстан облысындағы орман өртін сөндіруге «Қазавиақұтқаруды» жұмылдырып жатырмыз. Жағдай бақылауда, - деді ол.
Юрий Ильиннің сөзінше, Қазақстан бұған дейін 1996 жылы Түркияның Измир қаласында орын алған жер сілкінісі кезінде көмек көрсеткен.
Мұның барлығы мемлекеттерге байланысты. Егер өтініш болса, онда Қазақстан өтінішті қарап, құтқарушылар тобын немесе гуманитарлық көмек түрінде қолдау көрсетеді. Осы жылы Қазақстан бауырлас Тәжікстан, Қырғызстан елдеріне гуманитарлық көмек жіберді, - деп атап өтті ТЖМ басшысы.
Түркияға орман өрттерімен күресу үшін Қазақстан ТЖМ күштері үш мемлекеттің шекарасын кесіп өтіп, Каспий және Қара теңізі, Кавказ таулары арқылы 4500 шақырымды еңсерген.
Министрдің сөзінше, құтқарушылар еңбектері үшін марапатталады.