Түркиядағы ірі орман өрттері: Анталия мен Муглаға қауіп төніп тұр

Түркияның туристік танымал аймақтары Анталия мен Муглада ірі орман өрттері жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ NTV арнасына сілтеме жасап.

Анталиядағы жағдай

18 қыркүйекте Алания және Ақсу облыстарында өрт басталды. Ақсуда жалын қонақүйлерге жақындап, екеуін эвакуациялауға мәжбүр болды. Гольф клубтарының маңында басталған өрт ауыздықталды. Алайда, Аланияда үш күннен бері өрт үйлерді, жылыжайлар мен ормандарды шарпуда. Ышаклы, Каргиджак және Кожаоланлы аудандарынан тұрғындар эвакуацияланып, өртенген аумақ 200 гектардан асты.

19 қыркүйекте Анталияның Кунду ауданында тағы өрт шықты. Жалын қонақүйге тарап, барлар мен қызмет көрсету орындарын зақымдады. Туристер уақытша гольф алаңына орналастырылды, бірақ кейінірек өз бөлмелеріне оралуға рұқсат етілді.

Мугладағы жағдай

Мугла облысының Койчегиз ауданында өрт салдарынан 100-ден астам үйден 357 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жалынмен жүздеген құтқарушы күресіп жатыр. Ондаған өрт сөндіру көлігі, ұшақтар мен тікұшақтар жұмылдырылды, бірақ қатты жел олардың әрекетін айтарлықтай қиындатып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: NTV арнасы
Өзгелердің жаңалығы