Түркиядағы ахуал. 105 мыңдай адам үйінді астынан шығарылды
Түркияда құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Түркиядағы жер сілкінісіне 10 күн өтті. Кахраманмараш, Хатай қалаларында құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта 105 мың тұрғын қирандылардың астынан шығарылған. Олардың 15 мыңға жуығы ауруханада.
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған соңғы адам қалғанша құтқару жұмыстарын жалғастырамыз, деді.
Сондай-ақ жер сілкінісінен қаза тапқандардың жақындарына 100 мың лира қаржы берілетінінін айтты.
Әсел Әбілбек
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл 3 визит-орталықтың құрылысы аяқталады
Өзгелердің жаңалығы