Түркияда зымыран жасап шығаратын зауытта жарылыс болып, бес адам қаза тапты

10 маусымда таңғы сағат 8-50-де Түркия астанасы Анкарада зымыран және жарылғыш материалдар жасап шығаратын зауытта жарылыс болып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Оқыс оқиға Анкарадағы Елмадақ ауданында орналасқан MKE (машина және химия өнеркәсібі) зауытында болған.

Салдарынан зауыттың бес қызметкері көз жұмды, зардап шеккендер де бар. Олар жақын маңдағы аурухунаға жеткізілген. Жарылыстан кейін өрт бұрқ еткені де хабарланады. Оқиға орнында өт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.

Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі аталған қайғылы оқиғаға байланысты әкімшілік тергеу басталғанын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы