Түркияда зілзала: Екі апта өткен соң 90 жастағы әжей мен 70 жастағы ұлы тірі табылды
Түркияның Малатья қаласында жер сілкінісінен 384 сағат өткен соң жергілікті өрт сөндірушілер 14 қабатты ғимараттың 11-қабатында тұрған 70 жастағы Ханифи Акгюн мен оның 90 жастағы анасы Гүлла Акгюнді аман-есен құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Тurknwn-қа сілтеме жасап.
Ғимараттың апаттық жағдайына және егде жастағы кісілердің денсаулығына байланысты олар өз пәтерлерінен шыға алмай қалған. Анасы мен баласы жергілікті «112» сенім телефонына қоңырау шалғаннан кейін құтқарылды. Тиісті құтқару шараларынан кейін олар ауруханаға жатқызылды.
Кейуананың ұлы Акгюннің айтуынша, қиын жағдайларға қарамастан, ол осы екі апта ішінде анасының денсаулығын бақылауға тырысқан.
Көпқабатты үй құламаған, бірақ кез келген уақытта қабырғалары опырылып қирауы мүмкін еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгінгі күннің валюта бағамы
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы