Түркияда жолаушылар мінген автобус жарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның батысындағы Бурса провинциясында жолаушылар мінген автобус жарылды. Көлікте елдің Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері болған деп хабарлайды Anadolu ақпарат агенттігі.
Апат салдарынан бір адам қайтыс болып, төрт адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.
Қайғылы жағдай бүгін шамамен 7:30-да орын алған. Айта кетерлігі, 30 шақты адам мінген автобус тергеу изоляторынан қызметкерлерді әкеле жатқан. Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан мамандар жарылыс қолдан жасалған жарылғыш құралдың кесірінен орын алды деп болжап отыр. Электр бағанасының қасындағы жарылғыш құрал автобустың жанында жарылыпты. Жарылғышты біреулер қашықтан іске қосуы мүмкін деген жорамал да бар.
Оқиға дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары теракт болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Депутаттар Парламенттен бюджетті ғана емес, Үкіметтің іс-қимыл Бағдарламасын бекітуін талап етеді
Келесі жаңалық
Алматыда жыл соңына дейін 16 жатақхана пайдалануға беріледі
Өзгелердің жаңалығы